Шымкентте LRT мен BRT салуыну мүмкін

0
Шымкентте LRT мен BRT салуыну мүмкін

Шымкент қаласы да LRT және BRT салмақ. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеген.

«Қалада миллионнан астам адам тұрады. Биыл халықтың өсу динамикасын ескере отырып, өзгерістер енгізіледі. Бір ай ішінде қала тұрғындары ұсыныстарын беруі тиіс. Басқа елдерде LRT және BRT салынып жатқанын көріп отырсыздар. Сарапшылардың пікірінше, миллион халқы бар қалаларға балама траспорт қажет. Өйткені халық санының өсуі байқалады. Қазір ЛРТ және БРТ сызбалары дайындалып жатыр. Бұл мәселені Үкіметпен талқылаймыз. Біз LRT жобасы үшін инвесторларды тарту мүмкіндігін қарастырамыз», — деді әкім.

Шымкент әкімінің айтуынша, жоба қарастырылып жатыр, бірақ салыну-салынбауы белгісіз екен.

Дереккөз: Abai.kz



ПІКІР ЖАЗУ