БИЫЛ МҰНАЙ БАҒАСЫ 16%-ҒА ТӨМЕНДЕЙДІ

0

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) биыл мұнай баррелінің бағасы 16,2 пайызға арзандап, 81,13 долларға дейін төмендейді деп болжайды. Бұл туралы ХВҚ-ның дүйсенбіде жарияланған жаһандық экономиканың даму перспективалары туралы баяндамасының қаңтардағы жаңартылған мәліметінде айтылған, деп хабарлайды  Alashinfo24 ТАСС-қа сілтеме жасап.

«2023 жылы мұнай бағасы шамамен 16%-ға төмендейді, ал жанармайға жатпайтын шикізат тауарлардың бағасы орта есеппен 6,3%-ға төмендейді деп күтілуде», — деп атап өтті баяндама авторлары.

«2022 жылғы 29 қарашадағы фьючерстік нарықтарда есептелген орташа болжамды баға 2023 жылы 81,13 доллар және 2024 жылы 75,36 доллар болады», — делінген.

Осылайша, келесі жылы мұнай бағасы 7,1 пайызға төмендейді.

ХВҚ-ның пайымдауынша, «энергия нарықтары Украинадағы жанжалдан туындаған (экономикалық) жағдайларға тез бейімделді». Дегенмен, өткен жылы «жаһандық энергия мен азық-түлік бағасының күрт өсуі өмір сүру құнының дағдарысын тудырды».

Украинадағы қақтығысқа байланысты мұнай, газ және азық-түлік бағасының күткен көрсеткіштен жоғары болуы «жалпы инфляцияны қайта көтеруі мүмкін» деп есептейді қор.


ПІКІР ЖАЗУ