ЕЛДІ ҚАЛА ЕМЕС, ҚОЛЫНДА НАНЫ МЕН МАЛЫ БАР АУЫЛ АСЫРАЙДЫ

0

Жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабеков ауылды, ауылмен мақсат-мүддесі бір «Ауыл» партиясын қолдайды. Халық жазушысы елдегі басқа партияларды да ауылды қолдауға шақырды.

Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Ауыл – асыраушы. Елді қала емес, қолында наны мен малы бар ауыл асырайды. Өткен ғасырдың 60-жылдарда қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен келген классик жазушылардың бірі және бірегейі – жазушы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «ПЕН-клубы» және платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты Дулат Исабеков осылай деп мәлімдеме жасады.

 

 

«Ауыл – бәріміздің алтын бесігіміз. Бәріміз ауылдан шықтық. Қазақ үшін ауыл не? Ол ең бастысы – демография. Ауыл – асыраушы. Ауыл біздің ұлттық дәстүрдің алтын ұясы. «Ауыл» партиясы парламентке баратын болса осыны батыл көтеру керек. Барлық партия, «Аманат», «Ақжол» ауылды қолдау керек. Бәріміз ауылдан шықтық. Қала халықты асырай алмайды. Халықты асырайтын тек ауыл. Еңбекші, қолында күрегі мен кетпені, алдында малы бар адамдар ғана асырайды. Міне, соларға қамқорлық жасауымыз керек. «Ауыл» партиясының адамдарының бәрі де елден шыққан адамдар. Сондықтан мен оларға сенемін. Олар ауылды жақсы біледі. Қай жерде не болып жатқанын көзбен көріп, қолмен ұстағандар. Сондықтан мен «Ауыл» партиясын қолдаймын. Ауыл бәріміздің отанымыз, еліміз, жеріміз, тіліміз», -деді Дулат Исабеков.

БЕЙНЕЖАЗБА СІЛТЕМЕСІ

Тапсырыс беруші: «Ауыл» ХДПП;

«Ауыл» ХДПП сайлау қоры қаражаты есебінен төленді


ПІКІР ЖАЗУ