ШЫМКЕНТТЕ 4 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТАРТУДА ЖОБАЛАУ-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА ДАЙЫНДАЛДЫ

0

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің халықпен кездесуінде тұрғындар елді мекендерді газ, су, жарық және кәріз жүйелерімен қамту бойынша өтініштерін жеткізген болатын.

Қала әкімі талап-тілектерді ескере келе, тиісті басқармаға инженерлік жүйелермен қамтылмаған шағынаудандардағы өзекті мәселелерді шешуде нақты тапсырмалар жүктеді. Нәтижесінде жеке инвестиция есебінен 6 нысанға жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Соның ішінде, 4 нысанның, атап айтқанда, Айқап, Ынтымақ-2, Асар-2, Бозарық шағынаудандарындағы Жаңақұрылыста жобалау-сметалық құжаттамасы аяқталып, сараптама қорытындылары алынды. Қалған 2 нысанның яғни, Ақжайық, Таскен шағынауданындағы Жаңақұрылыста жобалау-сметалық құжаттамасы осы жылы аяқтау жоспарланған.
Құрылыс жұмыстары қолға алынса, Айқап және Ақжайық шағынаудандарына кәріз жүйесі тартылады. Ынтымақ-2, Асар-2. Бозарық (жаңақұрылыс), Таскен (жаңақұрылыс) шағынаудандарында ауыз су, газ, жарық, кәріз жүйесінің мәселесі шешімін табады.


ПІКІР ЖАЗУ