ТҰРАН АУДАНЫ: 310 КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНАН ӨТТІ

0
Шымкент қаласы Тұран ауданында 544 көп қабатты тұрғын үй бар. Олардың 501-і орталық жылу жүйесіне қосылған. 2023-2024 жылғы жылу маусымына қазіргі уақытта Тұран ауданы бойынша 310 тұрғын үй дайындалып, сығымдау жұмыстарынан өткізілді. Қалған 191 тұрғын үйдің тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хабарландырулар жасалуда.
Айта кетейік, ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсанда №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» 11-тарау, 62 — тармағына сәйкес «Қуатжылуорталық-3» МКК-ы көппәтерлі үйдегі элеватор торабының бірінші фланеціне дейін жылумен қамтамасыз етуге жауапты.
«Қуатжылуорталық-3» көпқабатты үйдің жертөлесіне дейін жылу жеткізеді. Ары қарай тұтынушылар өздері жылу жүйелерінің қауіпсіздігін, құбырларды шаю мен қысымын тексеру, сығымдау жұмыстары, жылу қарызын есептеу және оны өтеу жұмыстарын атқаруы қажет.
Аудан аумағында көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін күтіп ұстау қызметін 6 сервистік мекеме 152 көп қабатты тұрғын үйге қызметтерін көрсетуде.
Олар:
1.«ЖилСтройСервис» ЖШС (тел: 87752689139)
2. «NUR-D» ЖШС (тел: 87479020097)
3. «KazConstraction Service» ЖШС (тел; 87755108248)
4. «Еркин» ЖК (тел: 87789922183)
5. «Сержан» ЖК (тел: 87751613293)
6. «ТеплоСервис» ЖШС (тел 87026892130)

ПІКІР ЖАЗУ