ҚАЛА ӘКІМІ АҚШ-ТЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

0
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттырудың тетіктерін қарастырып, болашақ инвестициялық жобаларды талқылады. Шетелдіктер туризм, мәдениет, ауылшаруашылығы салаларын дамытуда инвестициялық жобалар ұсынуда.
🔷 «Инвестиция тарту — қаланы дамытуда маңызды бағыттардың бірі. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында біз американдық капиталдың қатысуымен бірқатар жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Қаламызда 4 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Инвестициялық алаңдарда барлық жағдайлар жасалған. Сіздермен бірлескен жұмыстың нәтижесінде екі елдің бизнесінің игілігі үшін жаңа жобалар іске асырылады деген сенімдемін», — деді қала әкімі.
🔷 Екі ел арасында түрлі бағыттағы қарым-қатынастарға негізделген стратегиялық серіктестік орнатылған. АҚШ ел экономикасының ірі инвесторы болып табылады.
🔷 Бүгінде қаламызда американдық капиталдың қатысуымен 10 заңды тұлға, филиал тіркелген. Шетелдік компаниялар өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, ақпараттық байланыс салаларында жұмыс істейді.

ПІКІР ЖАЗУ