ҚОҒАМҒА ДАЙЫН ТҰЛҒА ҰСЫНУШЫ ҰСТАХАНАМЫЗ

0

Жақында Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны бойынша деректерді жаңартты. Санақ бойынша жыл соңына дейін Қазақстан халқы 20 миллионды межелеген. Бұл өз кезегінде еліміздегі тұрмыстық отбасылық жағдайдың жақсару көрсеткішін де білдіреді.
Тарихтан белгілі, өткен ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық тежелуді бастан өткерді. Қазақстанның демографиясы – бұл елдің әлеуметтік және экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратын күрделі және көп қырлы сала.
Жасыратыны жоқ, қоғамда отбасыдағы жанжалды жағдай көбіне зорлық-зомбылыққа да ұшырап кетеді. Отбасы қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды бөлігі ретінде қоғамға қажетті көптеген міндеттерді орындай отырып, ел дамуында үлкен рөл атқарады.
Біз өз кезегімізде отбасы институтын нығайту жолында оқу орнымызда өскелең жастарға жоғары білім берумен қатар, тәрбиені де ұштастырамыз. Оның ішінде ұлттық тәрбиеге баса назар аударылады.
Педагогика саласында көбіне нәзік жандылар еңбек ететінін, болашақ маман ғана емес, болашақ ана тәрбиелеп отырғанымыз бізге жауапкершілік жүгін еселейді. Бұл ретте біз қоғамға дайын тұлға даярлап, ұсынып отырған ұстаханамыз десек те болады.
Мемлекеттің ана мен баланы қорғауға бағытталған демографиялық саясаты мінекей, жемісін беріп отыр. Тұрмыстық отбасылық жағдайдың жақсаруына көңіл бөлінуі әрбірімізді ана ретінде, қоғам мүшесі ретінде қуанта бермек.

СҮГІРБАЕВА ГҮЛЖАН ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ, ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-ректоры:
Гүлжан Сүгірбаева, ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-ректоры.


ПІКІР ЖАЗУ