БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

0
Шымкентте туыстық трансплантация отасы сәтті өтті. Бұл жолы дәрігерлер 1986 жылғы науқасқа туған бауырының бүйрегін хирругиялық жолмен салып берді. Ағзасын алмастырған науқастың жағдайы қазір жақсы. Дәрігерлер ағзасын берген донорды бүгін ауруханадан үйіне шығарды.
Операциядан кейін науқастың хал жағдайын білу үшін қаланың бас дәрігері арнайы өзі ауруханаға келіп, пациентпен тілдесті. Ағзасын алмастырған науқас 1986 жылғы қала тұрғыны, алты жылдан бері бүйрек жетіспеушілігі диагнозымен есепте тұрған. Отадан кейін пациент гемодиализге тәуелді болмай, қалыпты өмірге оралған. Ағзаны алмастыру отасы №1 қалалық клиникалық аурухана базасында өтті. Бұл бүйректі алмастыруға арналған 205-ші ота. «2013 жылдан беріп ауруханада Мади Хожаұлының бастамасымен ота жасалып келеді. Кореядэ, Беларуссиядан мамандар келіп, осында шеберлік сабағын өткізді. Бүгінге дейін ауруханада 205 бүйрек және 32 бауыр алмастыру операциясы жасалған. Шымкент қаласында ағза алмастыру отасы сәтті дамып келеді. Жақында кардиологтар жүректі алмастыру отасын сәтті жасап шығып, біліктіліктерін дәлелдей білді. Мұндай жүректі алмастыру отасы көрші Орта Азия елдерінде жасалмаған. Ағза алмастыруды қажет ететін науқастардың саулығын жақсарту үшін біз енді мәйіттік трансплатацияны дамытуымыз қажет. Бүгінгі бүйрек алмастыру отасын сәтті жасап шыққан дәрігерлерге алғысымды білдіремін» деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков. Айта кету керек, елімізде денсаулық сақтау саласының дамуына айрықша көңіл бөлініп отыр. Салаға реформа жүргізілгені де белгілі. Қала берді, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өткен жылдың қыркүйегінде жариялаған Жолдауында денсаулық сақтау ісіне көңіл бөлу жалғасатынын айтты. Сонымен қатар «Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды  мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн» деп, тиісті сала басшылары мен жергілікті әкімдіктерге тапсырма жүктеген болатын. Қазіргі таңда осының негізінде өңірлерде қыруар іс атқарылып жатыр.

ПІКІР ЖАЗУ