ҚАРАҒАНДЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ӘКІМІНІҢ ҰЛЫ 2 АЙҒА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

0

Қарағандыда бұрынғы қала әкімі Шаймерден Оразалиновтың ұлы екі айға қамауға алынды. Ер адам анасын соққыға жықты деп айыпталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анықталғандай, отбасылық жанжалға көршілері куә болған. Олар бірден жедел жәрдем шақырып, полицияға қоңырау шалған. ҚазАқпараттың хабарлауынша, ер адам 78 жастағы анасының мұрны мен бірнеше қабырғасын сындырған. «Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты 10 ақпанда күдіктіні екі ай қамауда ұстау санкция берді», — деп хабарлады Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі.

 


ПІКІР ЖАЗУ