ҰЛЫТАУДАҒЫ ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ОҚИҒА: ӘЙЕЛ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

0

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева үш баланы асырап алған әйел ұсталып, оған балаларды пайдаланды деген айып тағылғанын хабарлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ омбудсменнің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Кеше жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша Ұлытауда балаларды құлдыққа салған әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп жазды Зәкиева. Айта кетейік, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ұлытау облысында балалар 5 жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеп, желіде жазба жариялаған болатын.

«Ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршылықтың мобильді топтарының тексерісі нәтижесінде бір отбасынан шыққан үш бала — 1 қыз және 2 ұл анықталды. Патронаттық отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы, балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 км қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Фермада екі табын жылқы және 18 сиыр бар. Фермаға барып, комиссия мүшелері балалардың өмір сүру жағдайын көріп, шошыды. Денелері көгерген әрі тыртыққа толы, жүдеу, шаршаған, аш, көздерінде жалын жоқ, кір-қожалақ, киімдері жыртық. Қамқоршы балаларды қорлап, ұрып, азаптап, құлдай жұмсап, 5 жыл бойы балаларға жәрдемақы алып келген», — делінген жазбада.


ПІКІР ЖАЗУ