«ҚАТТЫ УАЙЫМДАЙМЫЗ»: АҚТАУЛЫҚ ОТБАСЫ КӨМЕК СҰРАДЫ

0

Ақтаулық отбасы көмек сұрап отыр. Нақтырағы, үш апта бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Анастасия Пенскаяның отбасы БАҚ арқылы қызына үйге қайтуды өтініп отыр. Бойжеткен 23 күннен бері хабарласпаған, деп хабарлайды Lada.kz.

Жергілікті басылымның хабарлауынша, жоғалған бойжеткеннің анасы Анастасия Пенскаяның 22 күннен бері байланысқа шықпағанын айтты. Оның сөзінше, бұған дейін қызы ешқашан жоғалмаған және бір жерге барса ескертіп отырған. Қазір бойжеткенді достары, таныстары, туыстары және Маңғыстау облысының полицейлері іздеп жатыр. «Оған жеткізіңіздерші, өтінемін, біз оны үйде бәріміз күтіп отырмыз. Інісі, әпкесі, әкесінің орнын басқан өгей әкесі. Қатты уайымдаймыз. Қандай мәселе болса да, бәрін шешеміз және оны қиындықта қалдырмаймыз, осыны білсінші», — деді жоғалып кеткен қыздың анасы.

Анастасия Пенская 1 ақпанда сағат 01:40 шамасында Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан шығып кеткен, содан оралмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, Анастасия Пенская жоғалған күні қара күртеше, қара леггинси және ақ-қара түсті кроссовка киген. Белгілері: шашы қысқа, қара, бойы 165-170 сантиметр, кеуде аймағында татуировкасы бар. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған мәлімдеме негізінде жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қыздың жүрген жері туралы мәлімет білетіндер болса: +7 (705) 701-18-53, +7 (7292) 47-48-10, 47-48-25, 47-48-02, 53 -18-22, +7 (747) 230-00-04, +7 (747) 963-62-96, +7 (700) 111-40-84, 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.


ПІКІР ЖАЗУ