ТҮРКІСТАНДА ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ТӘРБИЕШІЛЕРІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

0
1993 жылғы 19 қаңтардан бастап ел Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан армиясының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі командирлердің орынбасарлары институты құрылды.
✔️Түркістан облысы қорғаныс істері департаментінің басшылығымен «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасында командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтының құрылуының 32 жылдығы қарсаңында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
✔️Іс-шараға облыстың жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы, Қарулы күштердің, әскери қақтығыстардың ардагерлері және интернационалист-жауынгерлер, қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері, қаланың «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, сондай-ақ әкімдік өкілдері шақырылды. Олар құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі тәрбиешілерге алғыс хаттар, құрмет грамоталарын табыс етті.
📌Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Жандос Қүлдербаев атап өткендей, бүгінгі таңда тәрбие және идеологиялық жұмыстардың көптеген бағыттары бар. Олар: ақпараттық-тәрбие, мәдени-демалыс және әскери-патриоттық жұмыстарды қамтиды. Тек осы жұмыстар арқылы әскери және құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ әскери ұжымдарда жоғары моральдық-психологиялық ахуалды сақтау жүзеге асырылады.
📌Салтанатты шара соңында Түркістан қаласының мәдениет үйі әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті.

ПІКІР ЖАЗУ