ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БЛОГЕРЛЕР 1,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ КІРІСІН ДЕКЛАРАЦИЯЛАДЫ

Қазақстандық сегіз блогер 1,2 миллиард теңгеге жуық кірісті өз еркімен декларациялады.
Ведомство мәліметінше, бұл блогерлер өз бетінше декларация тапсырып, бюджетке 70,6 миллион теңге көлемінде салық төлеген.
«8 блогер 1 165,1 миллион теңге сомасындағы кірісін өз бетінше декларациялады және 70,6 миллион теңге сомасында салық төледі», — деп мәлімдеді МКК өкілдері.
Алайда олардың ішінде қандай блогерлер бар екені және кірістері қалай декларацияланғаны нақтыланбаған.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық блогерлерге 53 млрд теңге төлеуге бір ай уақыт берілді. Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, 594 адам кірісін жалпы сомасы 53,3 миллиард теңгеге төмендеткен. Енді блогерлер нақтыланған салық есебін тапсырып, салық төлеуі керек немесе 30 жұмыс күні ішінде түсініктеме беруі қажет.