ТРАМП, ПУТИН ЖӘНЕ ЗЕЛЕНСКИЙ АЛДАҒЫ ҮШ АПТАДА КЕЗДЕСУІ МҮМКІН — УИТКОФФ

0

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Fox News арнасына берген сұхбатында Украинадағы қақтығысты бейбіт реттеуге қатысты жақсы жаңалықтар болатынын айтты.

«Алдағы апталарда жақсы жаңалықтар естисіз деп үміттенемін», — деді ол Лара Трампқа берген сұхбатында.

Уиткоффтың айтуынша, алдағы үш апта ішінде келіссөздер өтіп, соның нәтижесінде АҚШ, Ресей және Украина президенттері — Дональд Трамп, Владимир Путин және Владимир Зеленскийдің қатысуымен үшжақты кездесу өтуі ықтимал.

«Мен және Джаред (АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер — еск.) екі тарапқа да бірқатар ұсыныс айтуды жоспарлап отырмыз. Мақсат — оларды алдағы үш аптада бір үстел басына жинау, тіпті Зеленский мен президент Путиннің саммитіне ұласуы да мүмкін. Кейінірек президенттің (АҚШ — еск.) қатысуымен үшжақты форматқа да шығуымыз ықтимал, көрерміз», — деді Трамптың арнайы өкілі.

Оның сөзінше, Трамп мұндай үшжақты кездесуге келісімнің бекітілуіне және «ең жақсы нәтижеге» жеткізетініне сенімді болған жағдайда ғана қатысар еді.


ПІКІР ЖАЗУ