ЕЛОРДАДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

0
ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Конституциялық реформа: гендерлік саясат пен отбасылық құндылықтарға жаңа көзқарастар» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық сарапшылар, ғалымдар, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатарынан барлығы 60 адам қатысты.
Конференцияның мақсаты – конституциялық жаңғырту жағдайында гендерлік саясаттың негізгі бағыттары мен отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелерін талқылау үшін саяси диалогты, академиялық сараптаманы және азаматтық қатысуды біріктіретін маңызды ұлттық алаңға айналу.
««Бүгінде еліміз ауқымды конституциялық реформаның табалдырығында тұр. Оның маңызды кезеңдерінің бірі – ағымдағы жылдың 15 наурызына белгіленген республикалық референдум.
Мемлекет басшысы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде: «Ұсынылып отырған өзгерістер мемлекетіміздің конституциялық негіздерін түбегейлі қайта жаңғырту қажеттігін күн тәртібіне қояды. Негізінен, сөз мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін құру туралы болып отыр», – деп атап өтті. Еліміздің жаңа Негізгі заңы жобасы аясында қарастырылып отырған маңызды мәселелердің бірі – гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат.
Соңғы жылдары Қазақстанда гендерлік теңдікті нығайту және әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою бағытында бірқатар жүйелі әрі практикалық шаралар қабылданды.

ПІКІР ЖАЗУ