ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ МЕНШІК ИЕЛЕРІНДЕ ҚАНША БАСПАНАДАН БАР?

Қазақстанда 1 267 адам оннан аса пәтерге иелік етеді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ хабарлады.
Мемлекеттік корпорация ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша 172 236 адамның екіден көп пәтері бар, ал бестен артық пәтері бар 11 072 адам тіркелген.
«1267 адамның 10-нан аса пәтері, 281 адамның 20-дан аса пәтері және 74 адамның 50-ден аса пәтері бар. Бір жеке тұлғаның атына тіркелген пәтерлердің ең көп саны – 1015», — делінген TengriHOME сауалына берілген жауапта.
Сондай-ақ, ел бойынша барлығы 3 470 289 пәтер бар екені хабарланған.









