ҚЫТАЙ ҚАЗАҚСТАНДЫ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ СӘТТІ ӨТУІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

0

Қытай тарапы Қазақстандағы жаңа Конституция бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтаqды. Бұл туралы дүйсенбіде Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Линь Цзянь мәлімдеді. 

Дипломат атап өткендей, Қытай достас көрші және ұзақ мерзімді жан-жақты стратегиялық серіктес ретінде Қазақстанның ұзақ мерзімді бейбітшілік, тұрақтылық және әлеуметтік өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалайды.

— Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан мемлекеттік құрылыста жаңа және одан да таңғажайып табыстарға жететініне, ал «Әділ Қазақстанды» құру бойынша амбициялы мақсаты сәтті жүзеге асырылатынына сенімдіміз, — деп атап өтті ол.

Ресми өкілдің айтуынша, Қытай тарапы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға үнемі үлкен мән беріп, екі мемлекет басшысы қол жеткізген маңызды келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асыру үшін Қазақстан тарапымен бірлесіп жұмыс істеуге дайын.

— Біз жан-жақты, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге және Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге бел байлап отырмыз, — деп түйіндеді Линь Цзянь.

 


ПІКІР ЖАЗУ