АҚШ Украинаға 800 млн доллар көлемінде қару бермек

0
АҚШ Украинаға 800 млн доллар көлемінде қару бермек

Вашингтон Украинаға қосымша 800 миллион долларға қару-жарақ береді. Осылай деп АҚШ президенті Джо Байден НАТО-ның Мадридтегі саммитінен кейінгі баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

Ол айтуынша, көмек аясында Киевке зымыраннан қорғану жүйесі, қосымша артиллериямен оқ-дәрілер және артиллерияға қарсы радарлар беріледі.

«Біз Украинаны қанша керек болса, сонша қолдаймыз. Путин біздің Альянсқа жік салып, оны әлсіретем деп ойлады. Бірақ расында бәрі керісінше болды. Ол НАТО-ны «финляндияластырам» деп ойлаған, бірақ Финляндия «НАТОласты», – деді Байден.

АҚШ президенті Швеция мен Финляндия қосылғаннан кейін, НАТО шекарасы 800 мильға дейін кеңейетінін мәлімдеді

Мадридтегі саммит декларациясына сәйкес, әскери альянс лидерлері Финляндия мен Швецияға НАТО-ға мүше болуға ресми шақырту жіберу жөнінде шешім қабылдады. Мәскеу Украинаға басып кіруінің бір себебін «НАТО шығысты кеңейтпек» деп атаған.

Дереккөз: Abai.kz



ПІКІР ЖАЗУ