«Нағыз соғыс болады» — америкалық журналист Головкин — Канело трилогиясы туралы

0
«Нағыз соғыс болады» - америкалық журналист Головкин - Канело трилогиясы туралы

Америкалық журналист Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы үшінші жекпе-жегі туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер сен бокс жанкүйері болсаң, бірақ «Канело» мен GGG арасындағы үшінші жекпе-жекке қызығушылық танытпасаң, онда сен нағыз бокс жанкүйері емессің! Бұл нағыз соғыс болады. Менің еш күмәнім жоқ», — деп жазды Рафаэль.

Еске сала кетейік, Геннадий мен Саульдің жекпе-жегі 2022 жылдың 17 қыркүйегіне жоспарланған. «Канело» мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.



ПІКІР ЖАЗУ