Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

0

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Alashinfo.kz сайтында. 

«Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылсын», — делінген президент жарлығында. Сондай-ақ мемлекет басшысының жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды. Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын экономист-менеджер, Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандитаты.

Әр жылдары ҰҚК департаментінің бастығы, премьер-министрі кеңсесінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Сондай-ақ парламент сенатының депутаты болған. Жаңа қызметіне дейін Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды.


ПІКІР ЖАЗУ