Елімізде бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімі ұзартылатын болды

0

 Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімі сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылатынын айтты, деп хабарлайды Alashinfo.kz

«Біз 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартамыз. Балалардың ең маңызды шағында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады», — делінген Жолдауда. Еске сала кетейік, президент жолдауында Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың шотына аударылатыны туралы айтылған болатын.

 

 


ПІКІР ЖАЗУ