Тоқаев: Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін өспейді
Қазақстандағы әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітіледі. Бұл туралы халыққа жолдауы барысында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Alashinfo.kz .
«Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеруді шештім. Бұл 1,8 миллион азаматтың кірісіне тікелей әсер етеді. Зейнетақы жүйесін айтарлықтай жаңғырту қажет. Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ал ең жоғарысын 120%-ға дейін біртіндеп жеткізу қажет. Бұрын қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жалпы зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітіледі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет», — дейді президент.