«Шеті көрінбейді»: Қазақстан мен Ресей шекарасында ұзын-сонар кезек түзілген
Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасында бірнеше шақырымға созылған кезек түзілген. Тұрғындар кезекте 5-6, кейде 12 сағат тұру керегін айтып шағымданды, деп хабарлайды Alashinfo.kz ақпарат агенттігі «Мой Город» басылымына сілтеме жасап.
«Туыстарымыз 28 тамызда түнгі 03:00-де жолға шыққан, ал таңғы 09:00-де кезектің тек ортасына жеткен. Нәтижесінде Саратовқа кешкі 17:00-де жетті», – дейді Орал тұрғыны.
Кезек Ресейден Қазақстанға кіретін бағытта түзілген.
«Самараға 28 тамызда шықтық, кеден бекетіне 23:00-де жетіп, 29 тамызда 12:00-де өттік», – деп жазды куәгерлер әлеуметтік желіде.
Желі қолданушылары кезектің еңбек мигранттарына байланысты түзілуі мүмкін екен және оларға 1 қыркүйекке дейін миграциялық карта мерзімін ұзартуға уақыт бергенін жазды.
Басылым мәліметінше, шекарадағы кезек жыл сайын осындай уақытта байқалады. Себебі бірі оқуға барса, бірі елге қайтады екен.