ЖҰМЫССЫЗДАРҒА БЕРІЛЕТІН ТӨЛЕМ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

0

Еңбек министрлігі «Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейін бекіту туралы» бұйрығын жариялады — деп хабарлайды AlashInfo24 тілшісі.

«Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатқа сай, енді облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген жұмыссыздар үшін берілетін төлем:

— бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 35 000 теңгеден көп емес;

— екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздаp үшін – 43 750 теңгеден көп емес.

Ал, тиісті облыс, аудандық маңызы бар қала ауданының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген жұмыссыздар үшін берілетін төлем:

— бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 43 750 теңгеден көп емес;

— екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 52 500 теңгеден көп емес.

Бұйрық 12 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.


ПІКІР ЖАЗУ