ЖҰМЫССЫЗДАРҒА БЕРІЛЕТІН ТӨЛЕМ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?
Еңбек министрлігі «Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейін бекіту туралы» бұйрығын жариялады — деп хабарлайды AlashInfo24 тілшісі.
«Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатқа сай, енді облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген жұмыссыздар үшін берілетін төлем:
— бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 35 000 теңгеден көп емес;
— екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздаp үшін – 43 750 теңгеден көп емес.
Ал, тиісті облыс, аудандық маңызы бар қала ауданының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген жұмыссыздар үшін берілетін төлем:
— бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 43 750 теңгеден көп емес;
— екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 52 500 теңгеден көп емес.
Бұйрық 12 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.