ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ

0
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 36 мың адамға жұмыспен қамтудың түрлі бағыттары бойынша қолдау көрсетілді. Жобада кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарастырылған.
Осыған дейін субсидияланатын жұмыс орындарымен 8349 адам қамтылды. Жұмыссыз азаматтар әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыстар мен «Алғашқы жұмыс орындары», «Ұрпақтар келісім шарты», «Күміс жас» жобалары бойынша жұмысқа орналасқан. Бүгінгі таңға қала аумағында 25 462 жұмыс орны ашылған. Осылайша қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары асыра орындалды. Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың жұмыссыздық мәселесіне айырықша тоқталған еді. «Жоғары оқу орындарды бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы 50 пайыздан сәл ғана асады. Біздегі «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Жастар – Ел тірегі», «Жастар практикасы» сияқты бағдарламалардың тиімділігін арттыру керек» деген болатын Президент. Осы орайда Абай ауданы жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Қазығұрт шағын ауданына арнайы барып қайтты. Олар, жастардың жарқын болашаққа ұмтылуына, білім алуына және жұмыспен қамтамасыз етілуіне зор мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалар жайында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орындары» мен мемлекет тарапынан берілетін гранттар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Сонымен қатар, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы жастар арасында сауалнама жұмыстары жүргізілді.

ПІКІР ЖАЗУ