МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОРЫН ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Білім — елдің болашақ бағдарын анықтайтын маңызды саланың бірі. Сондықтан елімізде аталған саланың өзекті мәселелерін шешу бойынша қыруар іс атқарылып жатыр. Нәтиже де жоқ емес. Мәселен, Шымкентте 2023 жылы 3 450 орындық 7 мектептің құрылсын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 5 нысанның құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылды. Ал 1-нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталатын болады, қалған 1 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі.
Сонымен қатар 2023-2024 жылдары жалпы 33,5 млрд теңгеге 12 мектептің құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда, 9 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Ал 3 мектептің құрылысын жыл соңына дейін бастау жоспарлануда. Қалған 6 мектептің құрылысын 2024-2025 жылдары іске асыру жоспарда бар. Жалпы қазіргі уақытта мектептердегі орын тапшылығын жою бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп келе жатыр. Бұдан бөлек, Шымкентте 2023 жылы 18 инфрақұрылым нысандарының құрылысы жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Бүгінде 12 инфрақұрылым нысандарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 6 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі. Сонымен қатар Бозарық шағын аудандағы 9 нысан мен Тұран шағын ауданы 4 нысанды осы жылдың соңына дейін тапсыру көзделіп отыр. Әкімшілік іскерлік орталықтың 4 нысаны 2023 жылы тапсырылатын болса, Ақжайық шағын ауданына қарасты 1 нысанның құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Шымкенттегі «Шым сити» шағын ауданында салынып жатқан 2066 орындық Конгресс-холл сарайының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда нысанның дайындығы 90%-ға орындалды. Үшінші мегаполистің келбетін ашатын Конгресс-холл көп функциялы мәдени және ойын-сауық сарайы ретінде ашылмақ. Мұнда халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізуге мүмкіндік мол.