ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ ҚАНДАЙ АУА РАЙЫНА ДАЙЫН БОЛУЫ КЕРЕК?

0

Синоптиктер Қазақстанда 8, 9 және 10 ақпанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады. 

Болжам бойынша, жақын күндері Қазақстан кезекті атлантикалық циклонмен байланысты атмосфералық фронттар әсерін сезеді. Күн бұлтты болады және жел соғады, республиканың солтүстігінде желдің екпіні 23-28, кей жерлерде секундына 30 метрге жетеді, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, солтүстік облыстарда қалың қар жауып, бұрқасын күтіледі, сонымен қатар циклон әсерінен қысқа мерзімге күн жылынады, кейін аяз басталады.

«Елдің батысы мен солтүстік-батысында 10 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 12-20 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі. Республиканың қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», — делінген хабарламада.


ПІКІР ЖАЗУ