ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫ: САЛЫМШЫЛАРДЫҢ ШОТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ СОМА НЕШЕГЕ ЖЕТТІ?

0

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың 1 мамырындағы көрсеткіш бойынша салымшылардың шоттарындағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 18 980, 95 млрд теңге.  

Оның ішінде:
● міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – 18 318 млрд теңге,
● міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – 599 млрд теңге,
● ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – 6 млрд теңге,
● жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары — 57,9 млрд теңге.

Жыл басынан бергі зейнетақы төлемдері – 285,5 млрд теңге.

Оның ішінде:
● жасына байланысты – 67,8 млрд теңге,
● мүгедектік бойынша – 1,5 млрд теңге,
● ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 11,4 млрд теңге,
● мұрагерлік бойынша – 18,5 млрд тенге,
● жерлеуге – 3,3 млрд теңге,
● сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 64,3 млрд теңге,
● тұрғын үй жағдайын жақсартуға/емделуге – 119 млрд теңге.

Еске сала кетсек, «Азаматтарға арналған үкімет» 2024 жылдың төрт айында 59 млрд теңге мөлшерінде 1,7 млн төлем өңдеді. Бұл сома биыл алғаш рет енгізілген жаңа төлемнің – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының сомасы.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туған әр қызметкер үшін табысының 1,5% мөлшерінде төленеді.


ПІКІР ЖАЗУ