ҰЛЫБРИТАНИЯ ПАРЛАМЕНТІ САЙЛАУ ҚАРСАҢЫНДА ТАРАТЫЛДЫ

0

Ұлыбританияда парламент алдағы кезектен тыс сайлауға байланысты ресми түрде таратылды, деп хабарлады заң шығарушы органның сайты бейсенбі, 30 мамырда. Бұл туралы DW жазады.  

Қолданыстағы заңға сәйкес, парламент премьер-министр Риши Сунак 4 шілдеде шақырып отырған жалпы сайлауға 25 жұмыс күні қалғанда таратылуы тиіс.

Сарапшылар тарату күзде болады деп күткен еді, бірақ үкімет ертерек мерзімді келісті.

Сунак өткен аптада Ұлыбритания королі ІІІ Чарльздің парламентті тарату туралы өтінішін қанағаттандырғанын жариялады.

Ұлыбритания парламентінің таратылуы оның Қауымдар палатасы — төменгі палатадағы барлық 650 орынның автоматты түрде босап қалуын білдіреді.

Сайлаудан кейін, 9 шілдеде парламент спикерді сайлау және депутаттардың ант беруі үшін жаңа құрамда бас қосады.


ПІКІР ЖАЗУ