ТОКИОДА ШІЛДЕ АЙЫНДАҒЫ АПТАП ЫСТЫҚТАН 120 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
Жапонияда қалыптан тыс ыстық басылған жоқ. Ресми деректерге қарағанда, шілдеде Токиода аптап ыстықтан 120-дан астам адам көз жұмды. Олардың көпшілігі 60 жастан асқан адамдар, деп жазады Еuronews.
Өткен ай елде 1898 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан бақылаулар тарихындағы ең ыстығы болды. Ауа температурасы орташадан 2,16 градус Цельсий жоғары болды.
37 000 жапондық медициналық көмекке жүгінді.
Сейсенбі күні Токио мен Жапония батысында ауа райының шамадан тыс жоғарылайтыны туралы ескерту жарияланды. Ел астанасында ауа температурасы шамамен +34-ке дейін көтерілді.
Жергілікті ауа райы қызметінің хабарлауынша, тамыз айында аптап ыстық басылмайды. Алдағы күндері ел астанасында +35 және одан жоғары болуы мүмкін.