ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қаладағы бірқатар құрылыс нысандары мен қала аумағын аралады. Ең алдымен Жібек жолы тұрғын үй кешені мен 5 қабатты 20 үйдің құрылыс сапасын қадағалап, Түркістандағы ерекше жобалардың бірі — Белсенді демалыс саябағында болды.
Жоба табиғатты, спортты және білім беруді үйлестіретін заманауи көпсалалы кешен болып табылады. Оранжерея аумағында әлемнің әртүрлі аймақтарынан әкелінген 68-ден астам өсімдік түрі өсіріледі. Олардың ішінде Жерорта теңізінің, Латын Америкасының, Еуропаның, Оңтүстік-Шығыс Азияның және басқа да аймақтардың өсімдіктері бар. Арнайы пальмалық, мексикалық, тропикалық, шөлді субтропикалық және цитрустық аймақтар ұйымдастырылған. Парк аумағында скейтборд алаңдары, шахмат клубы, балалар ойын алаңдары, сонымен қатар 2 км жүгіру, веложолақтар қарастырылған. Ресми ашылуы желтоқсан айына жоспарлануда.