МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ШЕТЕЛДІК ЛЕГИОНЕРЛЕРДІ БЮДЖЕТТЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ТЫЙЫМ САЛАТЫН ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Заң дене шынықтыру мен спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған.
Уәкiлеттi орган спорттың басым түрлерiнiң республикалық және өңiрлiк тiзбелерiн әзiрлейдi, жоғары нәтижелi спорт түрлерiнiң тiзбесiн, сондай-ақ оларды бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыру тәртiбiн айқындайды.
Құжатқа сәйкес, спорттың басым түрлері халықаралық аренада қол жеткізген нәтижелер бойынша бекітіледі. Бұл Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Паразиада ойындарының бағдарламаларына енгізілген спорт түрлері, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері.
Республикалық және жергілікті спорт федерацияларына бөлінетін спорт федерацияларын аккредиттеу туралы ережелер де жетілдірілді.
Сонымен қатар, шетелдік легионерлерді бюджет қаражаты мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатынан қаржыландыруға тыйым салынды.
Бұдан былай бюджет қаражаты төрт бағытты қаржыландыруға бағытталатын болады: жоғары нәтижелі спорт түрлері, оның ішінде спорттың басым түрлері, мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмысы, бұқаралық спорт, спорт инфрақұрылымын дамыту.
Бұл ретте дәстүрлі құндылықтар мен патриоттық тәрбиені нығайту шараларын көздейтін спортшыларды даярлаудың бірыңғай стандарттары әзірленді. «Спорттық дайындықтың ұлттық стандарттары» ұғымы енгізілді.
Уәкілетті органға допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін шаралар қабылдау құқығы берілген.