УКРАИНА МЕН АҚШ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

0

Украина мен АҚШ арасындағы пайдалы қазбалар жөніндегі келісім аясында меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Украина бірінші вице-премьері — экономика министрі Юлия Свириденко мәлімдеді.

— Бүгін біз АҚШ-пен экономикалық серіктестік жөніндегі келісімге бір қадам жақындадық. Украина мен Америка Құрама Штаттары меморандумға қол қойды. Бұл — біздің топтардың конструктивті бірлескен жұмысының дәлелі және екі халыққа да тиімді болатын келісімге қол жеткізуге деген ұмтылыс, — деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Юлия Свириденконың айтуынша, Украинада қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған Инвестициялық қор құру жоспарланып отыр.

— Аталған келісім ірі инвестициялар тартуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және Украина мен АҚШ арасындағы өзара тиімді серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді. Сол себепті құжатты әзірлеу жұмыстары жалғасып жатыр, — деді ол.

Оның айтуынша, келісім мәтінін нақтылау және оған қол қою алда тұр. Одан кейін құжатты екі ел парламенттері ратификациялауы қажет.

АҚШ пен Украина арасындағы пайдалы қазбалар туралы келісімге дәл бір аптадан кейін, 24 сәуірде қол қойылады — бұл туралы бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.

 


ПІКІР ЖАЗУ