Атырауда бес жасар егіз қыз терезеден құлап кетті

0
Атырауда бес жасар егіз қыз терезеден құлап кетті

Атырауда Нұрсая ықшамауданында егіз қыз үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Олар жансақтау бөлімінде жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл осындай екі жағдай тіркелген. Үш бала әртүрлі дене жарақатын алған (2021 жылы – төрт жағдай, оның ішінде үш бала жарақат алды, екеуі қайтыс болды).

«27 маусымда сағат 22:10-да «Нұрсая» ықшамауданында ересектердің қарауынсыз (анасы көрші бөлмеде болған) торға сүйеніп отырған 2017 жылғы егіз қыз үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткені хабарланды. Олар ауыр жарақаттармен облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», — делінген хабарламада.



ПІКІР ЖАЗУ