Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – делінген Ақорда хабарламасында.
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта..
Заңдар мәтіні баспасөзде жарияланады.
Дереккөз: BAQ.KZ