ДДСҰ жазда Еуропада COVID-19-дың өршитінін болжады

0
ДДСҰ жазда Еуропада COVID-19-дың өршитінін болжады
Соңғы айда Еуропада анықталған коронавирус инфекциясының саны үш есе өсті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клуге мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, ДДCҰ Еуропа елдерінде осы жазда COVID-19-ды жұқтыру деңгейі жоғары болатыны болжанып отыр.

Ұйымның мәліметінше, қазір Еуропалық аймақтың 53 елінде күн сайын коронавирус инфекциясының 500 мыңға дерлік жағдайы тіркеледі. Тәулік бойында тіркелген өлім-жітім саны 2020 жылдың жаз айындағы деңгейде қалып отыр, яғни күніне 500-ге жуық адам КВИ-дан қайтыс болады.

ДДСҰ COVID-19 профилактикасы бойынша алдындағы ұсыныстардың күшін сақтайды: ұйым уақтылы вакцина алуға және қоғамдық орындарда бетперде тағуға, ауру белгілері бар адамдарды оқшаулануға шақырады.

Кілтсөздер:COVID-19ДДСҰЕуропа


ПІКІР ЖАЗУ