КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫН ҚҰРУҒА ҚАТЫСТЫ ІС 7 ЕСЕГЕ ӨСКЕН
Елімізде «Қаржылық пирамидасын құру және басқару бабы бойынша қозғалатын қылмыстық істердің саны азайып келеді. Бұл туралы Alashinfo24 Ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
2022 жылы бұл санатта қозғалған қылмыстар саны 2020-20221 жылдардағы көрсеткішке қарағанда азайғанымен, азаматтарға келтірілген қаржылай заладың мөлшері жоғары күйінде қалып отырған көрінеді.
«2019 жылы қаржы пирамидаларын жасаушылардың үстінен қылмыстық істердің саны салыстырмалы түрде аз болды. Ал пандемияның бірінші жылында бірден жеті есе, 24-тен 180-ге дейін өсті. Залал сомасы үш есеге өсті — 2019 жылы 1,59 млрд теңге болса, 2020 жылы 6,17 млрд теңгеге жетті», — деп жазады Ranking.kz.
Ресурстың жазуына қарағанда, 2021 жыл Қазақстандағы қаржы пирамидаларын жасаушылар үшін «гүлдену кезеңі» болған.
«Олар мегаполистерден аймақтарға желілерді тарату арқылы ауқымдарын кеңейте бастады. 2022 жылы салымшылардың ақшасын тарту арқылы жасалған қаржылық қылмыстар азайды. Қаңтар–қараша айларында 127 жағдай тіркелген. Бұл 2021 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 24,8% төмен. Зардап шеккендер саны 1,2 мыңнан 625 адамға дейін азайған», — делінген сараптамада.