2029 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕР САНЫ 4,7 МЛН-ҒА ЖЕТЕДІ
Бизнес-ортаны реттеудің «таза парақтан» реформасы 2030 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер санын 4,7 млн адамға жеткізуге мүміндік береді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысындай осындай дерек айтты, — деп хабарлайды Alashinfo24 тілшісі.
«Жалпы, «таза парақтан» реформасы бизнес-ортаны реттеудің тиімділігін арттырып, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан осы бағытта бірлескен жұмыстарды әрі қарай жалғастырамыз», — деді Үкімет басшысы.
Оның сөзінше, Үкімет бизнестің сындарлы ұсыныстарын қолдауға дайын екенін кәсіпкерлер сезіне алуы керек.
«Бизнестің тұрақты да табысты қызметіне бірінші кезекте мемлекеттің өзі мүдделі. Кәсіпкерлер осыны сезінуі керек. Атқарылған жұмыстар 2029 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер санының 4,7 млн адамға дейін өсуіне және мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 %-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді», — деді Әлихан Смайылов.