ЕЛІМІЗДЕ АСТАНА КҮНІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ДЕМАЛЫС БАСҚА КҮНГЕ АУЫСТЫРЫЛДЫ
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2023 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» үкімет қаулысының жобасын дайындады, — деп хабарлайды «AlashInfo24» ақпараттық агенттігі.
«Демалыс күні 2023 жылғы 1 шілде сенбіден 2023 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылсын», – деп жазылған құжатта.
Министрліктің түсіндіруінше, демалыс күнін ауыстырудағы мақсат «демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану».
Сонымен Қазақстан халқы Астана күні 2 күн қатарынан 6, 7 шілдеде демалады.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндерге 8 және 9 шілдеде (сенбі және жексенбі) тағы екі демалыс күні қосылады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндерге жексенбіге бір демалыс күні қосылады.
Құжат 15 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.