ПУТИН ШЕНЕУНІКТЕРГЕ ЖӘНЕ РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДА ШЕТ ТІЛІНДЕГІ СӨЗДЕРДІ ҚОЛДАНУҒА ТЫЙЫМ САЛДЫ

0
Ресей президенті Владимир Путин шенеуніктердің сөзінде және ресми құжаттарда шетелдік сөздерді қолдануға тыйым салатын заңға қол қойды. Орыс тілінде баламасы жоқ сөздер ғана сол күйі қолданылады, — деп хабарлайды  AlashInfo24 .
«Ресей Федерациясының мемлекеттік тілі туралы» заңына осындай түзету енгізілді. Заң авторларының пікірінше, бұл орыс тілін кірме сөздерден қорғауға септігін тигізеді.
Баламасы жоқ шетел сөздерінің тізімі арнайы сөздіктерде беріледі. Сөздіктер мен анықтамалықтарды орыс тілі жөніндегі комиссияның ұсынысы негізінде үкімет бекітеді.
Міндетті түрде орыс тілі қолданылуы тиіс салаларға мыналар жатады:
  • барлық меншік нысанындағы ұйымдардың ресейліктермен ресми қарым-қатынастары мен ресми хат-хабарлары;
  • жеделхат жөнелтушілер мен алушылардың мекенжайын рәсімдеу;
  • мемлекеттік және муниципалды ақпараттық жүйелер;
  • тауар тұтынушыларға арналған ақпарат.

ПІКІР ЖАЗУ