«AMANAT» ПАРТИЯ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХLVIII ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының кезекті ХLVIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Айтбаев Ерлан Садырбайұлы, Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы Қожамжарова Дариякуль Пернешқызы, Әл-Фараби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есенбек Арай Пердешұлы, қалалық мәслихатың экс-депутаттары, «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері, «Jastar Рухы» ЖҚ мүшелері қатысты.

Конференцияны Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы Қожамжарова Дариякуль Пернешқызы жүргізді. «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есенбек Арай Пердешұлы 2021-2022 жылдардың қорытынды жұмысы бойынша баяндама жасады.

«AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының орталықтандырылған деректері бойынша 2021-жылы партия мүшелерінің саны 7887 болса, 2022-жылы партияластар саны 7042 азаматты құраған.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының Саяси кеңес құрамын сайлау үшін саяси кеңес мүшелерінің жаңа құрамына тізім бойынша дауыс беріліп, 15 партия мүшесі бір ауыздан сайланды.
Сонымен қатар, күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XVLIІ конференциясына тізім бойынша делегаттар сайланды.

Филиалдың ұйымдастырумен «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай тақырыпытық қабылдау», «Әділет кеңес береді» атты тақырыбында ашық есік акциясы аясында қоғамдық қабылдаулар өтті. Қоғамдық қабылдауға жергілікті атқарушы органдар, мәслихат депутаттары және филиал қызметкерлері қатысты. Қабылдауға жазылған тұрғындардың заң аясында көмектер беріліп мәселелері оң шешімін тапты. Алдағы уақытта партияластар санын арттыру бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып, студент жастарды партия қатарына қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.


ПІКІР ЖАЗУ