ШОМЫЛУҒА ТИЫМ САЛЫНҒАН ОРЫНДАРҒА РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

0

Шымкент қаласы Тұран аудандық ТЖ департаментінің қызметкерлері және жастар қанаты судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және қала тұрғындарын, оның ішінде балаларды акваторияда қауіпсіз демалуға дайындау мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізді.

Бірлескен рейд кезінде «Жастар Рухы» Жастар қанатының жастары ТЖ қызметкерлері суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске салды. Ең алдымен, ТЖ департаментінің қызметкерлері ата-аналардың назарын шомылу кезінде баланың қауіпсіздігі оларға байланысты екендігіне аударды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары баланың судағы жүрс-тұрыс ережелерін бірнеше рет айтуы керек екенін еске салады:
— сіз тек арнайы белгіленген жерлерде шомыла аласыз;
— жүзу орындарын қоршау белгілерінен асып жүзуге болмайды;
— судағы қауіпсіздік шараларын бұзуға жол бермеу керек;
— үрлемелі матрацтарда, камераларда жүзбеңіз;
— температурасы плюс 18 градустан төмен суда жүзуге болмайды.

Бұл ережелерді жақсы есте қалу және үнемі сақтау үшін мамандар су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелері мен шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері бар түрлі түсті жадынамалар табыс етті.

Төтенше жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.


ПІКІР ЖАЗУ