АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ: КҮН ТӘРТІБІНДЕ — ЖАСТАР САЯСАТЫ

0

 Бүгін Шымкентте «Уақыт сынақтары және өзгерістердегі жастардың рөлі. Елдік және халықаралық жастар саясаты» тақырыбында өңірлік форум өтуде. Форумға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қ.Қыдырәлі, қала әкімі М. Әйтенов арнайы қатысып, азаматтық қоғам белсенділерінің диалог алаңын ашып берді.

🔷 Азаматтық қоғамды дамыту мен қалыптастыру мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі және демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады. Бүгінде бұл сектордың рөлін арттыруға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен мән беріп отыр.
Президент тапсырмасы аясында қазіргі таңда, қалада азаматтық қоғам институттарының атқаратын қызмет аясы кеңейіп келеді. Бүгінде қала аумағында 550-ден астам үкіметтік емес ұйымдар тіркеліп, жұмыс жүргізуде. Әкімдік тарапынан ұйымдардың дамуына, олардың қалыптасуына тұрақты түрде қолдау көрсетіліп келеді.

🔷 “Азаматтық қоғам – бұл қарапайым халық, біз бен сіз және қоғамда өзіндік орны бар үкіметтік емес ұйымдар. Ал үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттің дамуында ықпалы орасан зор. Қазақстан зайырлы, өркениетке бет алған мемлекет. Сондықтан да халықтың үніне құлақ асады. Жалпы билік қашан да халықтың үніне құлақ асса, онда қоғамда өзара түсіністік орнайды, басты құндылығымыз — ынтымақ, бірлігіміз арта түседі» — деді қала әкімі.

🔷 Форумның алғашқы бөлімінде сарапшы спикерлер сөз сөйлеп, биліктің өзара серіктесі, қоғамның қозғаушы күшіне айналған азаматтық қауымдастық өкілдерінің атқарған жұмыстарын талқылады. Ақпарат және қоғамдық даму министрі саланың үздіктерін арнайы марапаттады. Форумның екінші бөлімінде азаматтық қоғам белсенділерінің диалог алаңында жастар саясаты және көші-қон процестерінің теріс салдарын жою тетіктері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, патриотизм сезімін нығайту тақырыптарында жарыссөздер өтеді.


ПІКІР ЖАЗУ