ҚАЗАҚСТАННЫҢ 4 ҚАЛАСЫНДА МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚОЛАЙСЫЗ БОЛАДЫ

0

18 тамызда Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктер болжамынша, жұмада Алматы, Астана, Атырау және Петропавлда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


ПІКІР ЖАЗУ