БИЫЛ ЕЛІМІЗДЕ 19 МЫҢ СТУДЕНТ ЖАТАҚХАНАСЫЗ ҚАЛАДЫ

0

Елімізде студенттерге жатақханадан 19 мың орын жетіспейді. Бұл туралы студенттік омбудсмен Айсұлу Ерниязова айтты.

«Төсек-орынның ресми тапшылығы 19 мың орын. Оның басым бөлігі, яғни 13 мыңы Алматы қаласына тиесі. Мұнан бөлек Астанада – 2 200, Солтүстік Қазақстан облысында -2 318, Абай облысында — 1 100, Түркістан облысында 987 орын жетіспейді», — деді Айсұлу Ерниязова елордада AMANAT партиясының ғимаратында өткен брифингте. Оның дерегінше, елімізде 600 мыңнан астам студент бар. Ал республиканың барлық өңіріндегі жатақханалар саны – 663. Оның 250-і университеттерге, 413-і колледждерге қарайды.

Бұған дейін еліміздің 11 өңірінде студенттер жатақханасы тексеріліп жатқанын жазған едік. Университеттер бойынша тексерілген жатақхананың 70-сін жақсы деп айтуға болады. 39-ы орташа, 2 жатақханада құрылыс жүріп жатыр. Колледждер бойынша жалпы 126 жатақхананың 75-і жақсы. 36-сының жағдайы орташа, 13-інің жағдайы нашар, 2 жатақханада тұру мүмкін емес.


ПІКІР ЖАЗУ