ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Жыл сайын елімізде бірінші сыныпқа баратын балалар саны артпаса, кеміген емес. Осы тұста үш ауысымды мектеп мәселесі туындайтыны тағы бар. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында білім беру саласын жетілдіруге қатысты көптеген мәселелер көтеріліп, оның ішінде жаңа білім нысандарын ашу көзделген болатын.
Биыл Шымкент қаласында 28 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа табалдырығын аттайды. Сайлауалды бағдарламасының Жол картасында ағымдағы жылы жаңадан 7 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Бүгін солардың бірі – Абай ауданындағы Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында орналасқан Қалмұратұлы Оразәлі атындағы жалпы орта мектебінің ашылу салтанатыны өтті.
Салтанатты шараға қалалық партия филиалының төрағасы Б.Нарымбетов, мәслихат депутаты, қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, мәслихат депутаттары, фракция мүшелері М.Қалмұратов, Л.Сулайманов, А.Елшиева қатысты.
Тұрған алапттың ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары жаңадан ашылған мектеп үшін қатты қуанып, ризашылықтарын білдіруде. Себебі осыған дейін мұндағы оқушылар үш ауысымды ескі мектепте оқуға мәжбүр болған. Енді толықтай заманауи жабдықталған мектепте 600 оқушы бір ауысымда оқи алады.