ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС КҮНІН ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУДАН БАСТАДЫ

0
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Көрме» орталығында қала тұрғындарын қабылдап, алғашқы жұмыс күнін жергілікті халықтың талап-тілектерін тыңдаудан бастады. Қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауында 300-ден аса тұрғын өтінішін білдірді.
«Көрме» орталығында әкім орынбасарлары, департамент басшылары, аудан әкімдері, басқарма басшылары мен сала мамандары қабылдауға келген азаматтардың талап-тілектерін назарға алып, бағыт-бағдар беріп, тиімді шешу жолдарын қарастырды.
Ғабит Әбдімәжитұлы халықпен ашық диалог құруға күш салып, талап-тілектер бойынша қабылданатын шешімдерді назарға алатынын жеткізді. Жауаптыларға азаматтар тарапынан түскен бірде-бір арыз-шағымды ескерусіз қалдырмай, әсіресе, әлеуметтік, инфрақұрылымды жақсартуға қатысты мәселелерді тиімді, шұғыл шешуді тапсырды.
Сонымен қатар қабылдау барысында халыққа тұрғын үймен қамту, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту салаларына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың ережелері мен шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ПІКІР ЖАЗУ