АМАНАТТЫҚТАР БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН КҮРЕСУДЕ

0

Жуырда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етті.

Осыған орай, бүгінгі «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Д.Б.Зәкиева балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша есеп берді.

Кеше ғана Мәжілістің пленарлық отырысында «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев еліміздің Премьер министрі мен Бас прокурорына жасаған депутаттық сауалында осы мәселені нықтап айтты. Расымен, балаларға жасалған қылмысты жиі естіп жатқанымыз бәріміздің де жанымызға батады. Сондықтан, Президенттің балаларды қорғауға бағытталған бұл позициясын аманаттықтар толығымен қолдайды.

Статистикаға сүйенсек, елімізде бір жылда 2000-ға жуық қылмыс жасалады екен. Мұны айтып, ойладың өзі қорқынышты. Ана ретінде балаларымның қауіпсіздігіне сенімді болғым келеді. Кәмелетке толмағандарға жасалған қылмыс барынша қатаң болуы тиіс.

Мектеп оқушылары арасындағы буллинг пен кибербуллинг тақырыбы да жиі қозғалып жатқаны жасырын емес. Осыған қатысты да заңды күшейту маңызды деп санаймын. AMANAT партиясы қоғамдағы осындай өзекті мәселелерді соңына дейін жеткізуге барын салатын болады.


ПІКІР ЖАЗУ