ҚЫЗ ӨССЕ ЕЛДІҢ КӨРКІ
Аталған шара ерте жүктіліктің алдын алу, құқықбұзулықтың алдын алу және қазақ қызының бойындағы дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, көріктілік сияқты жан-жақты ұлттық асыл қасиеттерді бойға сіңіру мақсатына бағытталды.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсыры аясындағы игі шарада тәжірибиелі гинеколог, психолог, іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, полиция департаменті қызметкерлері өз ақыл-кеңестерімен бөлісті. Аталмыш шара бұдан бөлек аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жастардың психологиялық сауатын арттыруға арналды. Шара соңы сергіту сәті мен психотерапиямен жалғасты.
Ауқымды шараға Шымкент көпсалалы колледжінің 100-ге жуық қыздары қатысты. Алдағы уақытта мұндай жиындар басқа да оқу ордаларында да жүзеге асырылмақ.